img
img
img
img
img
img

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы тағы да жаңа ғаламтор-жобасын оқырман назарына ұсынады.

Жоба туралы

Кітапхананың жаңа ғаламтор-жобасы «Қаз дауысты Қазыбек би»  виртуалды энциклопедиясы – дала данагөйі, қазақ руханиятының көрнекті өкілі, қоғам және мемлекет қайраткері Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналған.

Қаз дауысты Қазыбек бидің ата-тек шежіресі, туып өскен ортасы, ел басына қаралы күн туған зұлмат кезеңдегі қайраткерлік еңбектері жайлы баяндайтын «Қаз дауысты Қазыбек би» энциклопедиясы ғаламтор пайдаланушылар үшін қызықты әрі пайдалы болады деп ойлаймыз.

Себебі аталмыш тұлғалық энциклопедиядан кемеңгер би туралы кітапхананың сандық форматқа көшірілген ресурсына қол жеткізуге болады.

Энциклопедиялық ресурс «Ұлы даланың кемеңгері», «Қоғамдық қызметі», «Өнегесі - өлмес мұра», «Баба тәбәрігі», «Ескерткіштер – ел тарихы», «Мерейтой кітаптары» атты бөлімдерден тұрады.

Баба мұрасына арналған ғаламтор-ресурстағы қажетті мағлұматтар әр түрлі дерек көздерінен жиналды, оның ішінде электрондық және дәстүрлі каталогтар, анықтамалық және библиографиялық баспалар қорынан алынды.

Бұл жоба мамандарды, тарихшыларды, оқытушыларды, өлкетанушыларды, Қаз дауысты Қазыбек би туралы білгісі келетін барлық жұртшылықт, Қазыбектану ілімімен айналысатын жатарды қызықтырады деген сенімдеміз.

Баба мұрасы – ұрпаққа  ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына. Халықаралық елшілік, дипломатиялық саясатта биік белеске көтерген – Қаз дауысты Қазыбек бидің орыны айрықша. Ендеше, құрметті оқырман! Бұл жоба жайлы өз ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды білдіріп, Қаз дауысты Қазыбек би туралы деректермен бөлісуге болады.

Кітапхананың өлкетану әдебиеті бөлімі қызметкерлерінің дайындаған жаңа жобаға Ақ Жол!

Всю жизнь Казыбек би желал своему народу честности, порядочности и мира.

Его судейская деятельность отличалась справедливостью и красноречием, его слова превращались в пословицы и афоризмы. 

Адал болса – досың жақын,
Еркелейтін немерең жақын,
Өз ұрпағын шөберең жақын,
Туып өскен – елің жақын.

.

Ескерткіштер – ел тарихы

Ескерткіш – елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді қамтиды.

Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштер негізінен 4 түрге бөлінеді: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) өнер ескерткіштері. Сондай-ақ, ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Оған адамзаттың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше қайталанбас заттық-рухани үлгі-нұсқаларын жатқызамыз. Адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіші, жазба ескерткіші, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш, т.б. деп те түрліше жеткізуге болады. Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорғандардың, Сақ дәуірінен, Көне түркі кезеңінен жеткен тас мүсіндер, құлпытас, қойтас, сағана, төртқұлақ, кесене, т.б. археологиялық және сәулет ескерткіштері – ең алғашқы ескерткіш түрлері қатарына жатады.

Ал монумент деген ұғымның мағынасы – ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды.
Монументтер әдетте, дүние салған адамның құрметіне тұрғызылады. Ескерткіштің кең тараған түрі де - осы, көлемі нақты үлкендеу мүсіндік бейнелер. Олар, көбінесе көрнекті жерлерге, қаланың орталық алаңына, саябаққа, тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне, ұрыс даласына орнатылады.

Ескерткіштің айрықша танымал адамдарға арналатынын айтқанда, халықтың  ар-намысы, ұжданы болған Қаз дауысты Қазыбектің ұлы еңбегңн айту керек, оған деген тұтас елдің сүйіспеншілігі – ең ірі ескерткіш. Ұлт тұтастығы мен халық бірлігін әлемдік деңгейде ойлаған ұлы тұлғаға Астана, Қарағанды, Қарқаралы, Егіндібұлақта ескерткіш бар.

Құрметті сайт қонақтары Сіздер бұл бөлімнен Қаз дауысты Қазыбек биге арналған монументалды сәулеттік ескерткіштермен  толығырақ таныс боласыздар.

Қаздауысты Қазыбек би ескерткіші. Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауылы, 1995 жыл

1995 жылы бұрынғы мәлімет бойынша Ұлы бидің туғанына 330 жыл толуына байланысты ас беріліп, халықтың жинаған қаржысына жасалған ескерткіш.

Авторы: Жаубасар Қалиев

Ескерткіштің іргетасы қойылған шақта соған арнайы барып данышпан бабамыздың мүрдесі мәңгілікке дамылдап жатқан Түркістан қаласындағы Әзіреті Сұлтан қорымынан әкелінген бір уыс топырағы салынды.

Қиырға жанарын тігіп, тас үстіне тізе бүккен ұлы бидің мүсінінен ел болашағы үшін жаны қиналған күрескер тұлғаның бейнесі танылады.

Жыл сайын Егіндібұлақ ауылында Қаздауысты Қазыбек би бабамыздың ескерткіші ашылған күн «Ауыл күні» болып  аталып өтіледі.

Әділ сот ескерткіші. Астана, 1998 жыл

Бұл ескерткіш композициясы биіктікте отырған ұлттық бас киім мен киімін киген үш ақсақал болып келеді. Бұлар Төле-би, Қазыбек-би мен Әйтеке-би.

«Жарғы» қазақ құқығының ортасында ерекше әлеуметтік категория болған, ол билер, соттар мен сот билігінің символы, сонымен қатар тарихтың белгілі бір кезеңінде өз басы заң шығарушы, ақпарат көздерінің, ережелер мен «Дала құқығы» әрекеттерінің білгіші, ақын және шешен, ең бастысы әділдікке берілген тұлға болған.

1998 жылы ашылған ескерткіш даланың қатаң әділдігі мен халық бірлігіне арналған болатын.

Ескерткіш қала көркі болып саналады және қала қонақтары мен тұрғындарының сүйікті орындарының бірі.

Авторы: Мұрат Мансұров

Әлиакпаров М. Т. Үш би = Три бия = Three byis / М. Т. Әлиакпаров. - Астана: Акмолинская полиграфия, 2000. - 89 б.

«Қазыбек би» мүсіні. Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, 2004 жыл 29 шілде

Қарқаралы қаласының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында, Қарқаралы аудандық соты ғимаратының алдына орнатылған ескерткіш.

Авторы:  Жаубасар Қалиев

«Үш би» ескерткіші. Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы , 2004 жыл қараша.

Жаңаарқа аудандық соттың кеңесі алдындағы қазақтың данагөй үш биі - Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ескерткіші.

Авторы:  Жаубасар Қалиев

Қазыбек би қоныстанған Үшқара тауына қойылған белгі тас. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Мәди селолық округі, 2008 жыл.

Ұлы бидің ата қонысы - Қарқаралы ауданына қарасты Мәди селолық округінің жанындағы Үшқарада  ауыл азаматы Серік Қоңыровтың бастамасымен тастан ескерткіш орнатылды.

Биіктігі 4 метр, ені – 1 метр, Қызғылт сары гранит.

Үшқараның түстік беткейіндегі төбенің үстіне қойылған белгі тас бетінде «Осы жерде Қаздауысты Қазыбек би бабамыз қоныстанған. Туып-өскен елің қымбат, Кіндік кескен жерің қымбат. (бабамыздың өз сөзі.)  Белгі қоюшы Серік Дүйсенбекұлы және ұрпақтары. 2008 жыл» деген жазу бар.

«Қазыбек би» бюст. Қостанай қаласы, 2007 жыл

Бюст Қостанай қаласы Пушкин көшесі 100/1 үйдің жанында орналасқан.

Авторы: Баян Жолдыбайқызы Баталова

Қазыбек би кеуіті – 1 м. 70 см. ұзындығы, қоладан жасалып және ақ мрамормен қапталып, бетон тұғырына орнатылған.

Жоғарғы бөлігінде Қазыбек бидің атымен, өмір жылдары жазылған мрамор тақсаты орнатылған.

Тұғырдың қима көлемі – 2 х 2 м.

Тұғыр биіктігі – 1м 80 см. Ескерткіш биіктігі – 3,5 м.

«Қаздауысты Қазыбек би» ескерткіші. Қарағанды қаласы, 2011 жыл, 10 қазан

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Қарағанды қаласы әкімшілігінің алдындағы алаңда Қазыбек бидің ескерткішінің ашылу салтанаты болды. Еңселі ескерткіштің ашылу шарасына мемлекет және қоғам қайраткерлері мен Парламет Сенаты және Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ, өнер және мәдениет өкілдері, би атаның ұрпақтары қатысты.

Автор - Мұрат Мансұров.

Ескерткіш облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы арасында жасалған, өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде бөлінген 33 миллион теңгеге тұрғызылды.

Қаз дауысты Қазыбектің қоладан құйылған ескерткішінің биіктігі - 6 метр, гранитпен қапталған тұғырымен қоса есептегенде - 14 метр.

Қаздауысты Қазыбектің жоғары көтерілген оң қолы халқына тура бағыт сілтеп, жөн көрсетсе, сол қолына заңдар жинағын ұстап тұр. Басындағы - мұра қалпағы оның Орта жүзден екенін көрсетеді.

Бұл ескерткіш – Қарағанды облысында ғана емес, бүкіл Қазақстанның тарихи, мәдени өмірінде маңызды орын алады.

«Үш би» ескерткіші. Алматы қаласы, 2014, 30 сәуір

Алматы облыстық соты ғимаратының алдына қойылған «Үш би» ескерткіші

Мерейтойлық стелла. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, 2017, тамыз

Қаздауысыты Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына арнап Қарқаралы ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылында ескерткіш белгі ашылды.  Демеуші Астана қаласының тұрғыны, Егіндібұлақтың тумасы Ғани Омаров. Бұған қоса, балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

Тибет үстіртінің терістік қатпарын құрайтын Шүлентауындағы Ақсай деп аталатын ауданында үш биге арналған ескерткіш.

Ақсай ауданы әкімшілік жақтан ҚХР-дың Гансу провинциясы Сорбұлақ (Жючуан) аймағына қарайды.

Әдебиеттер:

Айтжанова Қ. Қазыбек би мен Қасымға ескерткіш қойылады // Орталық Қазақстан. - 2010. - 4 желтоқсан (№ 198/199). - 2 б.

Ақсұңқарұлы С. Қарағандының қақ төрінде Қаздауысты Қазыбек неге тұрмайды? // Орталық Қазақстан. - 2003. - 18 қазан. - 3 б.

Ақсұңқарұлы С. Төбеде тұрып, төрткүл дүниені шола аласыз ба? // Орталық Қазақстан. - 2003. - 8 қараша. - 3  б.

Аманжол Қ. Еркіндіктің еңселі ескерткіштері // Егемен Қазақстан. - 2016. - 17 желтоқсан (№ 243). - 7 б.

Асан М. Тұлпар тұяғымен жазылған тарих // Егемен Қазақстан. - 2017. - 13 қыркүйек (№ 175). - 8 б.

Бабамыздың мүсіні орнатылды // Қарқаралы. - 2004. - 7 тамыз.

Балташұлы Е. "Атадан ұл туса, құл болам деп тумайды, анадан қыз туса, күң болам деп тумайды" // Орталық Қазақстан. - 2001. - 28 сәуір.

Балташұлы Е. Керім даланың Кемеңгері // Орталық Қазақстан. - 2000. - 30 тамыз.

Балташұлы Е. Қаздауысты Қазыбек Қарағандының қақ төріне орнықты // Орталық Қазақстан. - 2011. - 11 қазан (№ 168). - 1 б.

Ерман Ж. "Айтарыңды жасқанбай айт, тіл өткір" // Орталық Қазақстан. - 2016. - 16 маусым (№ 95). - 6 б.

Ерман Ж. Қаздауысты Қазыбек ескерткіші // Орталық Қазақстан. - 2011. - 11 қазан (№ 168). - 1 б.

Ештай А. Үш биге ескерткіш орнату ойда жүрген шаруа еді:  Ақмола облыстық сотының төрағасы А. Ештаймен әңгіме / әңгімелескен Қ. Жүсіп // Заң газеті. - 2012. - 18 қаңтар (№ 7). - 1 - 2 б.

Жанғожин А. Астана біздің жүрегімізде / А.Жанғожин, Е.Лұқпан // Орталық Қазақстан. - 2004. - 5 ақпан. - 4  б.

Жүнісбеков Д. Оң өзгерістерге ел разы // Орталық Қазақстан. - 2000. - 15 қараша.

Жүнісбекұлы Д. Баба аруағы асқақтаған күн // Қарқаралы. - 2001. - 28 шілде.

Жүнісбекұлы Д. Баба ескерткішіне 15 жыл // Қарқаралы. - 2010. - 10 шілде (№ 55/56). - 1 б.

Жүнісбекұлы Д. Ескерткіштегі елес // Орталық Қазақстан. - 2009. - 7 мамыр (№ 66/67). - 8 б.

Жүнісбекұлы Д. Ұлы баба ескерткіші немесе таңбалы тастағы құбылыс // Қарқаралы. - 2008. - 29 қараша (№95/96). - 6 б.

Жүнісова Ж. Егіндібұлақтар Аруақты Алладан кем көрмейді // Сана. - 2000. - 3, 10 тамыз (N29,30).-4 б.

Қазыбек би - ел бірлігінің бастаушысы // Орталық Қазақстан. - 2016. - 27 тамыз (№ 136/137). - 6 б.

Қазыбек би ескерткішінде не ақын бар, Серик-ау?...Одан да бабамыздың 350 жылдығы құрметіне аудан атын сұрамайсың ба? // Қазақстан ZАМАN. - 2017. - 6 сәуір (№ 14). - 11 б.

Майбас Т. Азаматы келіскен ауылдың ертеңі жарқын // Орталық Қазақстан. - 2001. - 11 шілде.

Омарбекова М.  Қарқаралының тарихи ескерткіштері және саяхат маршруттары // Орталық Қазақстан. - 2000. - 13-31 мамыр, 3 маусым.

Омарбекұлы М. Ұлы бабаға орнатылған ескерткішке - 10 жыл // Қарқаралы. - 2005. - 9 шілде. - 3  б.

Омаров Н. Қарағандыда Қазыбек биге ескерткіш орнатылды // Заң газеті. - 2011. - 11 қазан (№ 147). - 1, 2 б.

Рахметуллин Қ. Нышан // Сана. - 2000 . - 10 тамыз(N30). - 2  б.

Сламбек Ж. Баба есімі берілді, бірақ... // Орталық Қазақстан. - 2001. - 22 желтоқсан (№ 200/201). - 7 б.

Сматаев С. Қонды - ау бүгін тұғырға // Орталық Қазақстан. - 2011. - 13 қазан (№ 169). - 1 б.

Үш жүзге билік айтқан даналар // Жаңаарқа. - 2004. - 20 қараша.

Айтыс өнері заман ағымына ілесіп жасап келе жатқан қазақтың асыл мұрасы екені анық. 2017 жылдың 21 тамызында Қарағандының Кеншілер сарайында Алаштың Ұлы биі Қаздауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдығына арналған Халықаралық ақындар айтысы өтті. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, Қытай мен Моңғолия, Қырғызстаннан келген ақындар да қатысты. Мұны баба тойында ақындар айырықша атап өтті. Назарларыңызға ақындар айтысының аудио жазбасын ұсынамыз.

Әдебиеттер:

Кәрім Н. Халықаралық айтыс өтеді // Орталық Қазақстан. - 2017. - 17 тамыз (№ 91). - 8 б.

Кәрім Н. Арқада айтыс өтті дүбірлеген // Орталық Қазақстан. - 2017. - 22 тамыз (№ 93). - 6 б.

Қазыбек би бабамыздың туғанына – 350 жыл толуына орай «Қаздауысты Қазыбек би жолымен: бабаларға тағзым!» атты халықаралық автокеруен ұйымдастырылды.

Автокеруеннің мақсаты – Қаздауысты Қазыбек бидің рухына тағзым ету, сапар кезінде қала және елді мекендерде мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, бидің өмірі мен мемлекеттік саяси қызметін халық арасында кеңінен насихаттау.

Автокеруен 2017 жылдың 21 тамыз-30 тамыз аралығында Қарқаралы қаласынан басталған сапар, Егіндібұлақ ауылы – Қарқаралы қаласы – Ботақара кенті – Қарағанды қаласы – Атасу кенті– Жезқазған қаласы – Сәтбаев қаласы – Ұлытау ауданы – Қызылорда қаласы – Арыстан Баб кесенесі – Түркістан қаласы–Ташкент қаласы– Науаи қаласы– Шымкент қаласы – Тараз қаласы – Балқаш қаласы – Ақтоғай ауданы – Ақсу-Аюлы кенті – Қарағанды қаласында аяқталады. 7 автокөлікпен шыққан 28 адамнан тұратын автокеруен құрамына: танымал өнер және қоғам қайраткерлері, Қаздауысты Қазыбек бидің ұрпағы, тарихшылар, жас ақындар, журналистер, дәстүрлі әншілер, күйшілер бар. Сонымен бірге Қарағанды облысының ресми делегациясының сапында, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Омарбекова Рымбала, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры Оспанқұлов Ғабидолла, Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Құттыбай Мирас болды.

Мерейтойлық бағдарлама аясында облысқа көш түзеген бұл автокеруен елiмiздiң бүкiл қасиеттi орындарын аралап, Қызылорда облысындағы Қорқыт ата кешенi, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне, көршi өзбек елiнiң Ташкент қаласында және Науаи облысында болып, Төле және Әйтеке билердiң әруағына тағзым етті.

Бұдан бөлек, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының әкімдіктерімен жастар саясаты саласы бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Әдебиеттер:

Кәрім Н. Арқадан - Науаиге дейін // Орталық Қазақстан. - 2017. - 19 тамыз (№ 92). - 1 б.

Мұсабеков Е. Ұлы дала төсінде - ұлы мұрат // Орталық Қазақстан. - 2017. - 24 тамыз (№ 94). - 1 б.

Қабидолдин Р. Арқадан автокеруен шығады // Орталық Қазақстан. - 2017. - 6 шілде (№ 74). - 2 б.

Мұсабеков Е. Бабалар жолы - бақыттың жолы // Орталық Қазақстан. - 2017. - 9 қыркүйек (№ 99). - 4 б.

Аманқұлов Қ. Оң сапардан - олжамен // Орталық Қазақстан. - 2017. - 5 қыркүйек (№ 97). - 1 б.

Қазыбек би атындағы аудан

Жалпы, 1997 жылға дейін Қарағанды қаласында бес: Ленин, Совет, Киров, Октябрь және Железнодорожный аудандары болған. 1997 жылы Ленин және Совет аудандары біріктірілді. Содан кейін жаңа аудан «Совет» ауданы деп айдарланып келді. Ал, 2001 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Совет ауданы Қазыбек би атындағы аудан болып өзгерді.

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы 2001 жылға дейін Совет ауданы аталды. Қарағанды қаласының оңтүстік бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бірлік. Сонымен бірге, шаһардың мәдени және іскерлік ауданы. Іргесі 1932 жылы қаланып, 1969 жылдары Совет ауданы аталды. 1987 жылы бұл ауданда 164,8 мың тұрғын тіркеліпті. Ауданда сол кезеңде 17 өнеркәсіп жұмыс істеп тұрды. Оның ішінде, ет комбинаты, кен-шахта жабдығын және кен-көлік жабдығын жөндеу зауыттары, аяқ киім фабрикасы болды. Сонымен қатар, 24 құрылыс ұйымы, 11 автокөлік кәсіпорны, ауданда 43 мектеп жасына дейінгі балалар ұйымы, 23 жалпы білім беретін мектеп, 4 мектеп-интернат, 7 жұмысшы жастар кешкі мектебі, 4 жоғары оқу орны (университет, педагогикалық институт, кооператив институты, СССР ішкі істер министрлігініің Жоғары мектебі), кен техникумы, есеп-кредит техникумы, медучилище, 9 орта кәсіптік-техникалық училище, 10 ғылыми зерттеу институты болды. Бұдан бөлек мәдени-сауық ұйымдары болды.

Бүгінгі таңда Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданында 273 300 тұрғын бар. Аудан аумағы 23,1 мың гектарды құрайды. Ауданда 42 медициналық мекеме, оның ішінде, 16 аурухана, 3 емхана, 4 амбулатория, 4 облыстық диспансер (онкологиялық, психоневрологиялық, наркологиялық, балалар психоневрологиялық) жұмыс істейді. 21 мәдени мекеме (3 театр, мәдениет үйі, 2 мұражай, 4 кітапхана, зообақ, цирк және тағы басқалары), сонымен бірге, көптеген жекеменшік нысандар орналасқан. 40 жалпы білім беретін мектеп бар, онда 29 773 бала оқиды. Одан басқа 702 оқушыны қамтитын 6 жеке сектор бар. Ауданда мемлекеттік – 26, жеке меншік – 11 балабақша қызмет көрсетеді.

Әдебиеттер:

Қазыбек би ауданы // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 326 б.

***

Айтжанова Қ. Қазыбек би ауданы // Орталық Қазақстан. - 2017. - 17 тамыз (№ 91). - 5 б.

Қарағанды қаласының Совет ауданын Қазбек би атындағы аудан деп қайта атау туралы [Мәтін] / Қарағанды қаласының әкімдігі // Орталық Қазақстан. - 2001. - 14 наурыз №42. - 1 б.

Сексенұлы С. Қаздауысты Қазыбекке де қарсылар табылды // Орталық Қазақстан. - 2000. - 25 қараша.

Шатохина Т. Мақсат - жетістіктерді жетілдіру // Орталық Қазақстан. - 2016. - 21 қаңтар (№ 12/13). - 3 б.

Ысқақов Ж. Қазыбек би атындағы аудан күн сайын көркею үстінде // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 50 б.

Мемлекет және қоғам қайраткері, үш ұлы бидің бірі Қаздауысты Қазыбек Келдібекұлы (1667- 1764) (бұрынғы деректерде 1665-1765)

Келдібекұлы Қазыбек би – қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз-Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан.

Қазыбектің анасы Тоқмейіл ұтымды да тапқыр сөздерді көп білетін зерек кісі болыпты. Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол ер жете келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды. Осы өнерінің арқасында бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би», «алты алаштың ардағы» деген атаққа ие болады. Содан болар Тәуке хан мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқарғанда, Орта жүзге осы Қазыбек биді тағайындайды. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясатына елеулі ықпал жасап отырады.

Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Абылай сұлтан жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға белсене араласады. Сондай-ақ ол Ресей, Бұхара, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге де араласып, бейбітшілік пен достықты дәріптеуші мәмілегер болған, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған. «Елдестірмек – елшіден, жауластырмақ – жаушыдан» деп, ол елшілік қызметті де мінсіз атқарған тұңғыш дипломат. Оның тұңғыш рет 18 жасында елшілікке атшы болып барып, басшы болып қайтқаны ел ауызында әлі күнге аңыз болып айтылады.

XVIII ғасырдың алпысыншы жылдарында Чиң империясы Қазыбекті өз жақтарына тарту мақсатымен оған елші жіберіп, мол сыйлықтар тартады. Бірақ ол Қытайдың қол астына қарауға қарсы болады. Сөйте тұрып, Абылайды Чиң империясымен тығыз қарым-қатынас жасауға шақырады.

Үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы-қасында жүріп, хандардың сенімді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған Қазыбек әр кез батыр жинап, ел шашпай, қылыш шауып, оқ атпай-ақ ақылымен жол тауып, ел бірлігінің емшісі бола білген. Әбілқайырды өлтіріп, ел бірлігіне сызат түсуіне себепші болған Бараққа: «Сылтауратып сытыла алмайсың, не өліп тынасың, не жөніңмен жеңіп құтыласың, екінің бірі, Барақ» деуі, ақыр соңында оны мойындатып: «Уа, би аға! Айттың сен, көндім кебіңе» деуге мәжбүр етуі тек Қазыбектей айбыны ай жасырған текті бидің қолынан ғана келсе керек.

Ш.Уәлихановтың «XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» деген еңбегінде: «Абылай ханнан үш жүздің батырларының ішінен қімді ерекше құрметтейсіз деп сұрағанда, ол: «Бізге дейінгі ерлерден екі кісіге таңқалуға болады. Оның бірі – 90 туысын Қалдан Сереннің тұтқынынан құтқарған қаракесек Қазыбек те, екіншісі - өзінің сондай тұтқындағы туысын құтқарған уақ Дербісәлі. Мұның алғашқысы Қалданға өзі барып, сұрап алды. Соңғысы өзінің ауылында отырып, жауын қорқытып алды» деп жазады. Бұл – заманында ақылымен қатарынан озған дана биіне ел басшысының берген нақ та әділ бағасы еді.

Қаздауысты Қазыбек би 1764 жылы күздің соңы, қыстың бас кезінде Далба тауының ішіндегі Қарағайлыбұлақ деген жерде, 97 жасында қайтыс болған. Қарабас балуан орнатқан сөре тасқа кереге жайып, үстіне үй тігіп, қыс бойы сақтаған бидің мәйітін Бекболат би ақ киіздің сыртынан былғарымен қаптатып, жыл шыға Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне апарып жерлеп, басына құлыптас орнатқан.

Қазыбек бидің қайраткерлік тұлғасы, шешендік өнері туралы А.И.Левшин, Ш.Уәлиханов, Ш.Маржани, Б Адамбаев, Н.Төреқұлов т.б. зерттеу еңбектер жазды. Жазушы С.Сматаевтың «Елім-ай» романында кемеңгер бидің келісті тұлғасы жасалды. Қарағанды қаласындағы бір ауданға бидің есімі, Алматы, Шымкент қалаларында көшелерге би есімі берілген. Астанада, Қарағандыда, Егіндібұлақта ескерткіш орнатылды.

Өнегесі - өлмес мұра

Әдебиеттер:

Адамбаев Б. Атақты үш шешен // Қазақ шешендері. - Алматы: Білім, 2014. – 52-84 б.

Адамбаев Б. Қаз дауысты Қазыбек // Алтын сандық: әдеби мақалалар. - Алматы: Жазушы, 1989. – 80 - 87 б.

Адамбаев Б. Қазақтың шешендік өнері. - Алматы: Қазақ ССР-нің "Ғылым" баспасы, 1984. - 136 б.

Адамбаев Б. Шешен билер // Асыл қазына. - Алматы: Ана тілі, 2009. – 91-123 б.

Алимбетов А. В. Келдібекұлы Қазыбек бидің саяси-құқықтық көзқарастары: автореферат. - Алматы: [б. ж.], 2009. - 23 б.

Арқаның би-шешендері мен ақын-жыраулары: шешендік сөздер және жыр-толғаулар / Қарағанды облысының әкімдігі; құраст. Қ. Асанов; ақылдастар алқасы Б. Әбдішев; жауапты ред. Қ. Құрмансейіт; жауапты хатшы С. Ақсұңқарұлы. - Астана: Фолиант, 2013. - 310 б. - (Сарыарқа кітапханасы).

Асқар Н. Қаз дауысты Қазыбек би // Терең тамырлар. - Қарағанды: Арка және К, 2016. – 7 – 11 б.

Әбілғазыұлы С. Қазыбек //  Шешендердің сөздері. - Қостанай: Шапақ, 2003. – 201 – 207 б.

Әнет бабадан Қазыбектің ақыл сұрауы // Тозған қазды топтанған қарға жейді: шешендік сөздер, халық мақал-мәтелдері / құраст. Б. Адамбаев. - Алматы: Рауан, 1991. – 35-36 б.

Болғанбайұлы Ә. Төбедегіні келтірген төрелік // Дала даналары. - Алматы: Қазақстан даму институты, 2001. – 274-283 б.

Дәдебаев Ж. Қаздауысты Қазыбек би // Таңдамалы шығармалар. 1 том. - Алматы: Өнер, 2008. – 113 -143 б.

Есләмғалиұлы М. Әйтеке би: тарихи-философиялық диалогия / М. Есләмғалиұлы ; ред. Е Дүйсенбайұлы. - Алматы: Жазушы, 2007. - 560 б.

Жанайдаров О. Қаз дауысты Қазыбек би туралы әфсаналар // Ежелгі Қазақстан әфсаналары. - Алматы: Аруна, 2008. – 204-211 б.

Жолдасбекұлы М. Келдібекұлы Қазыбек би (1665-1756) // Елтұтқа: ел тарихының әйгілі тұлғалары / М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғараұлы, Қ. Сейдімбек. - Астана: KUL TEGІN баспасы, 2001. – 116-118 б.

Зиманов С.З. Үш заңгер – үш аңыз // Қазақтың ата заңдары = Древний мир права казахов: 10 томдық: құжаттар, деректер және зерттеулер / бас ред. С.З. Зиманов. - Алматы: Жеті Жарғы, 2001. - 1 т. -  2004. – 143 - 147 б.

Иіпұлы Т. Балбөбектер, балалар, болашағым - бақытым!. - Алматы: Білім, 2011. - 157 б.

Қаз дауысты Қазыбек // Қазақ-аңыз әпсаналары / Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі; құраст.: Д. Мағұлұмов, Ә. Тауұлы. - Алматы: Балауса, 2014. – 65-67 б.

Қаз дауысты Қазыбек би (1661-1758) // Боздағым: қазақтың жоқтау жырлары / құраст. Т. Арынов. - Алматы: Жазушы, 1990. – 21-26 б.

Қаз дауысты Қазыбек би: буклет / Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы, Лауха ғылыми-зерттеу орталығы; жауапты ред. М. Садықбек. - Түркістан: [б. ж.], 2011. - 16 б.

Қаз дауысты Қазыбек би: энциклопедия / бас ред. Н. Дулатбеков. - Қарағанды : Болашақ-Баспа, 2011. - 652 б.

Қаз дауысты Қазыбек би: энциклопедия / Қарағанды облысының әкімдігі; жауап. ред. Қ. Құрмансейіт; ақылдастар алқасы Б. Әбдішев. - Астана: Фолиант, 2013. - 627 б. - (Сарыарқа кітапханасы).

Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия: ұлттық энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998 - 5 т.: К-Қ / ред. Б. Ғ. Аяған. -  2003. – 457-159 б.

Қазақ халқының кемеңгер биі // Редакторлардың редакторы: журналист-ғалым Рамазан Сағымбековтің туғанына 80 жыл толуына арналады / құраст.: А. Жанғожин, М. Сембаев. - Карағанды : Арко, 2012. – 7 – 22 б.

Қазақтың ханы Абылай: өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар. - Алматы: Ел-шежіре, 2011. -2 т. : [дәуірі, өмірі мен қызметі] / құраст. З. Тайшыбай. - 662 б.

Қазақтың шешендік сөздері / құраст. Б. Адамбаев. - Алматы : Ана тілі, 2006. - 160 б.

Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі = Традиционная система этнографических категорий, понятий и названий у казахов: энциклопедия / Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейі; ред.: Н. Әлімбай, Р. Шойбек, С. Уәли. - Алматы: DPS, 2011 - 3 т.: К - Қ. - Алматы: РПК СЛОН, 2012. - 735 б.

Қаздауысты Қазыбек // Билер сөзі / Құраст.: Т.Кәкішев.- Алматы, 1992.- 23-48 б.

Қаздауысты Қазыбек // Ел ауызынан: Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз-әңгімелер / Құраст.: Б.Адамбаев және т.б.- Алматы, 1985.- 31-41 б.

Қаздауысты Қазыбек // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 324 б.

Қаздауысты Қазыбек // Шешендік шиырлары: Шешендік сөздер, нақылдар мен толғаулар жинағы / Құраст.: І.Есхожин.- Алматы, 1993.- 64-91 б.

Қаздауысты Қазыбек бидің генарал-губернатор И.И.Неплюевке жазған хаттары // Қазақтың ата заңдары = Древний мир права казахов: 10 томдық: құжаттар, деректер және зерттеулер / бас ред. С.З. Зиманов. - Алматы: Жеті Жарғы, 2001. - 1 т. -  2004. – 419 - 424 б.

Қазыбек би елшілігі // Бабалар сөзі: жүз томдық / жауапты ред. Б. Әзібаева. - Астана: Фолиант, 2002 - 2013. - 86 т.: Тарихи аңыздар: (XVII-XVIII ғасырлар). -  2012. – 44-90 б.

Қазыбек би Келдібекұлы (1659-1765 жж.) // Қазақтар = Казахи: көпшілікке арналған 9 томдық анықтамалық. - Алматы: «ІDK-TІPO» Баспа-редакциялық орталығы, 1998: 9-ти томный популярный справочник. - Т. 2: Тарихи тұлғалар = Иторические личности . – 79 б.

Қазыбек би Келдібекұлы // Қазақ халқының тарихи тұлғалары: қысқаша анықтамалық. - Алматы: Өнер, 2011 - 1кітап. – 206-209 б.

Қазыбек би туралы // Сөз серкесі - шешендік / құраст. О. Жиреншин. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2015. – 39 - 80 б.

Қазыбек би. Басына іс түскен пақырға, Қастық қылма // Ұлы дала өсиеті: қазақ хандығының 550 жылдығына арналады / құраст. Қ. Медет; жоба жетекшісі А. Мырзахметов. - Алматы: Қазығұрт, 2015. - 199 б.

Қазыбек бидің қалмақ ханы қоңтажыға айтқаны // Әлемдік саясаттану антологиясы: 10 томдық. - Алматы: Қазақстан, 2005 - 2008. – 60 б.

Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764 жж.) // Құқық пен қазылық тарихындағы тұлғалар: жинақ = История права и правосудия в лицах: очерки / сост. А. Поздеев. - Алматы: Жеті жарғы, 1996. - 11 б.

Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) // Ақыл-ой антологиясы: қазақ афористикасы: бағзыдан бүгінге дейін / құраст. Е. Шаймерденұлы. - Алматы: Өлке, 2009. – 109 - 112 б.

Қазыбек Келдібекұлы// Қарағанды.Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 276 б.

Қазыбек пен Қоңтажы // Қазақтың шешендік сөздері / құраст. Б. Адамбаев. - Алматы: Ана тілі, 2008. – 97-106 б.

Қалдыбай М.   Бекасыл әулие: тарихи-ғұмырнамалық хикаят. - Астана: Елорда, 2006. - 248 б.

Қара қылды қақ жарған: билер мен шешендер сөздері / құраст. І. Есхожин. - Алматы: Қайнар, 1995. - 256 б.

Қаракесек шежіресі. 1-кіт. 1 бөлім / құраст. Т. А. Еңсебаев. - Павлодар: Кереку, 2010. - 237 б.

Ләмбекұлы С. «Сен темір болсаң, біз көмір, еріткелі келгенбіз...» // Қарқаралы: энциклопедия. - Астана: Фолиант, 2011. – 41 - 48 б.

Мамырұлы К. Қазақ халқының жонғар басқыншыларына қарсы күресi /Жауапты ред.Ж.К.Қасымбаев.- Алматы: Ғылым, 1994.- 266 бет.

Мамырұлы К.  Қазақ халқының жонғар басқыншыларына қарсы күресі / ред. Ж.К. Қасымбаев. - Алматы: Ғылым, 1994. - 265 б.

Нәсенов Б.  Қазыбек би (1659-1755 ж.) // Төле Би, Қазыбек Би, Айтеке Би : XIX бөлім-XXIV кітап: Мәскеу архиві сөйлейді: XIX том-XXIV книга:Говорит архив г. Москвы / Б. Нәсенов. - Алматы; Новосибирск : [Б.ж.], 2012. – 73-106 б.

Омари Ж. Қаз дауысты Қазыбек би - Астана: Фолиант, 2000. - 317 б.

Рамазан Д. Қаздауысты Қазыбек би // Көктамыр: көсемсөз, әдеби сын, тарихи зерттеулер және сыр-сұхбаттар. - Астана: Фолиант, 2013. – 48-54 б.

Рамазан Д. Қаздауысты Қазыбек би немесе аңыз астарындағы шындық // Хан Кененің қазасы. - Алматы: ҚАЗақпарат, 2002. – 137 - 144 б.

Сматаев С. Елім-ай: роман-трилогия / С. Сматаев. - Астана: Фолиант, 2003 - 3-т. - . - 528 б.

Төреқұл Н. Қаз дауысты Қазыбек би //Даланың дара ділмарлары. - Алматы: Қазақстан, 2001. – 132-152 б.

Төреқұлов Н. Қаз дауысты Қазыбек би // Қазақтың би-шешендері / Н. Төреқұлов, М. Қазбеков. - Алматы: Жалын, 1993 - 1-2 к. : (XІІІ-XҮІІ ғғ.); (XҮІІІ-XІX ғғ.).- 88-125 б.

Төреқұлұлы Н. Қаз дауысты Қазыбек би // Қазақтың жүз шешені. - Алматы: Алтын адам, 1993. – 78 - 120 б.

***

Ағыбаев А. Әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрлерді білу - мәңгілік ел болуымыздың негізі  // Әділ сот. - 2014. - № 3. - 7-21 б.

Ағыбаев А. Ұлттық құндылықтар - құқықтық тәрбиенің негізі  // Заң. - 2016. - № 2. - 36-39 б.

Ақсұңқарұлы С. Келе жатыр Қаздауысты  // Орталық Қазақстан. - 2001. - 7 шілде.

Ақсұңқарұлы С. Қаздауысты Қазыбектің көзіндегі от // Орталық Қазақстан. - 2002. - 14 қыркүйек. - 4  б.

Ақсұңқарұлы С. Қарағандының қақ төрінде Қаздауысты Қазыбек неге тұрмайды? // Орталық Қазақстан. - 2003. - 18 қазан. - 3 б.

Ақсұңқарұлы С. Төбеде тұрып, төрткүл дүниені шола аласыз ба? // Орталық Қазақстан. - 2003. - 8 қараша. - 3  б.

Артықбаев Ж. Мен перзенттік парызымды өтедім  // Орталық Қазақстан. - 2000. - 20 қыркүйек.

Арынұлы С. Бұл тарихқа жасалған қиянат немесе аңыз ақиқат бола алмайды // Қазақстан. - 2009. - 16 сәуір (№ 14). - 17 б.

Асқартегі Т. Қазбек бидің үйленуі  // Сыр мен сымбат. - 2006 . - №1-2. - 25  б.

Асыған Х. "Қаз дауысты Қазыбек би" кітабы хақында кейбір пікірлер  // Сана. - 2000 . - 15 маусым(N23). - 6  б.

Асылбек А. Қазыбек би (1667-1764) // Құқықтық Қазақстан. - 2004. - 15 қыркүйек. - 3 б.

Асылхан Х. "Қаз дауысты Қазыбек би" кітабы хақында кейбір пікірлер //  Сана. - 2000 . - 6 шілде(N26). - 5  б.

Ахатов У. "Қанға-қан, жанға-жан" дәстүрін жұмсартып, құн беру мәселесін шығарды // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 22-23 б.

Әбілтай Ш. Негізгі мақсат - Қаз дауысты Қазыбек атын қайта жаңғырту  // Сана. - 2000. - 15 маусым (N23).-3 б.

Әдікенұлы М. Тұлғаға тағзым // Орталық Қазақстан. - 2005. - 24 қараша. - 9  б.

Әлтаев А. Әз Қазыбек - ардақтысы алаштың // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 20 б.

Бабамыздың мүсіні орнатылды  // Қарқаралы. - 2004. - 7 тамыз.

Бақтыбаев Ә. Баба тойына әзірлене берейік // Орталық Қазақстан. - 2003. - 27 қараша. - 4  б.

Бақтыбаев Ә. Дала данышпаны есімі мәңгі сақталсын десек // Қарқаралы. - 2003. - 20 қыркүйек.

Балташұлы Е. "Атадан ұл туса, құл болам деп тумайды, анадан қыз туса, күң болам деп тумайды" // Орталық Қазақстан. - 2001. - 28 сәуір.

Балташұлы Е. Баба есімін бұрмаламайық // Орталық Қазақстан. - 2011. - 14 шілде (№ 113/114). - 3 б.

Балташұлы Е. Баба тәбәрігі - бас қала төрінде // Орталық Қазақстан. - 2008. - 6 мамыр (№71) . - 1 б.

Балташұлы Е. Керім даланың Кемеңгері  // Орталық Қазақстан. - 2000. - 30 тамыз.

Балташұлы Е. Қаз дауысты Қазбек жайлы тарихи деректерді бір ізге түсіріп жүйелеу керек // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 42-43 б.

Балташұлы Е. Қазақтың Қаздауысты Қазбегі туралы әфсана әр үйдің төрінен алуы ләзім //  Орталық Қазақстан. - 2000. - 31 мамыр.

Балташұлы Е. Лайықты бағаланды  // Түркістан. - 2014. - 3 сәуір (№ 13). - 11 б.

Батырбекова Айша  Қазақтың үш биі // Қазақ тарихы. - 2012. - №1. - Б. 38-39.

Баялиева А. Ж. Қазыбек бидің әдеби шығармадағы тарихи аңыздар негізінде жасалған көркем образы // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. - 2007. - №1. - 32-35 б.

Бәкірова Ә. Қаз дауысты Қазыбек аты еленуге тиіс // Балқаш өңірі. - 2001. - 24 сәуір.

Дайырбеков М. Үш бидің суретін саларда Тоқболатқа бата бердім // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 49 б.

Дәдебаев Ж. Қазыбек би біртұтас рулық бірлік құруды нысана тұтқан // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 33-35 б.

Дәуітов С. Қазыбектің елшілік қызметін жоғары бағалаймын // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 20 б.

Досбол мен Көкшолақ би // Заң газеті. - 2009. - 30 сәуір (№ 64). - 8 б.

Дулатбеков Н. Қазыбек би жайлы энциклопедия - үлкен зерттеуге бастар алғашқы баспалдақ // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 44-45 б.

Ер елді сақтайды  // Сарыарқа. - Ульяновка. - 2000. - 9 қыркүйек.

Ермекбаев Т. Қаз дауысты Қазыбек би "аялдаған" // Парасат. - 2010. - № 5. - 16-17 б.

Есжанов С. Қаз даусты Қазыбек // Ақиқат. - 2006. - №2. - 95-96  б.

Әбжанов Х. Бабаларымызды зорайтамыз деп бетімізді бетімізді қызартып алмайық // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 17-18 б.

Жақаева Т. Қазыбек би // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. - 2002. - №10. - 75-78 б.

Жапарова Б. Қазақтың төбе билері  // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. - 2010. - № 1. - 58-62 б.

Жүнісбеков Д. Оң өзгерістерге ел разы  // Орталық Қазақстан. - 2000. - 15 қараша.

Жүнісбекұлы Д. Баба аруағы асқақтаған күн  // Қарқаралы. - 2001. - 28 шілде.

Жүнісбекұлы Д. Ескерткіштегі елес  Орталық Қазақстан. - 2009. - 7 мамыр (№ 66/67). - 8 б.

Жүнісбекұлы Д. Ұлы баба ескерткіші немесе таңбалы тастағы құбылыс // Қарқаралы. - 2008. - 29 қараша

Жүнісова Ж. Егіндібұлақтар Аруақты Алладан кем көрмейді // Сана. - 2000. - 3, 10 тамыз (N29,30).-4 б.

Жұмағали С. Баба тойына дайындық басталса  // Орталық Қазақстан. - 2006. - 9 қыркүйек. - 6  б.

Зиманов С. Заң газеті. - 2008. - 13 мамыр (№70). - 2 б ; 14 мамыр (№71). - 2 б.

Ісмақова А. Қазыбек би - Абай Құнанбайұлының түп нағашысы // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 19 б.

Кенжебекова Ж. Қ. Сөз асылы - шешендіқ // Литература в казахстанской школе = Әдебиет Қазақстан мектебінде. - 2011. - № 3. - 38-45 б.

Кеңесов Ж. Сартай батыр және "Мың бала" ерлігі // Орталық Қазақстан. - 2011. - 2 шілде (№ 107/108). - 5 б.

Кәкішев Т. Қазыбек сияқты тұлғалардан шәкірт қалу қиын... // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 28-29 б.

Қаздауысты Қазыбек // Орталық Қазақстан. - 2000. - 8 қараша.

Қасымжанұлы М. Ұзын бойлы, шымыр денелі, ақсары адам болған екен // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 50 б.

Қирабаев С. Қазыбек бидей болу - әркімнің де арманы // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 21 б.

Қорабай С. Көзі тірісінде -ақ Қазыбек би Бекболатқа билік тізгінін ұстатқан // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 15-16 б.

Қызылғұлова Л. Ә. Қазыбек би  // Әдебиет Қазақстан мектебінде. - 2007. - №1. - 28-30  б.

Майбас Т. Азаматы келіскен ауылдың ертеңі жарқын // Орталық Қазақстан. - 2001. - 11 шілде.

Майбас Т. Қаздауысты Қазыбек бабамыздың сүйегі қайда? // Орталық Қазақстан. - 2016. - 12 қараша (№ 183). - 4 б.

Майбас Т. Үш жүздің ұлы жиналса, алдынан кеңес тараған  // Орталық Қазақстан. - 2001. - 7 шілде.

Марина Х. Билер сөзі-ақылдың көзі //Сынып жетекшісі. - 2004. - №6. - 40-44  б.

Мұқтар Ж. Астана төрінде үш бидің қатар тұруы бірлігімізді білдіреді // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 46-47 б.

Мырзахметұлы К. Бұл тарихқа жасалған Аталы сөздер // Қазақ батырлары. - 2003. - қыркүйек(N9). - 10  б.

Нұржекеев Б. Біздің тарихшылар Қазыбек биді әлі жете зерттеген жоқ // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 21 б.

Нұржекеұлы Б. Бұқар жырлаған батырлар // Қазақ әдебиеті. - 2000. - 11 ақпан(N6). - 8-9  б.

Нұржекеұлы Б. Шежіре // Қазақ әдебиеті. - 2000. - 25 ақпан(N8). - 8-10  б.

Нұртайұлы Ж.  Қаз дауысты Қазыбек кімнен кем? // Орталық Қазақстан. - 2016. - 29 наурыз (№ 57). - 3 б.

Омарбекова М. Қарқаралының тарихи ескерткіштері және саяхат маршруттары // Орталық Қазақстан. - 2000. - 13-31 мамыр, 3 маусым.

Омарбекұлы М. Ұлы бабаға орнатылған ескерткішке - 10 жыл // Қарқаралы. - 2005. - 9 шілде. - 3  б.

Омаров Н. Қарағандыда Қазыбек биге ескерткіш орнатылды // Заң газеті. - 2011. - 11 қазан (№ 147). - 1, 2 б.

Оңалбаева К.  Қазыбек шешен \\ Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. - 2006. - №9. - 110-114  б.

Райымбекқызы Ж. Баба мүсінімен сырласу // Орталық Қазақстан. - 2002. - 14 желтоқсан. - 8  б.

Рахметуллин Қ.  Нышан  Сана. - 2000 . - 10 тамыз(N30). - 2 б.

Рахымұлы Қ. Ел дауында - ел бірлігі // Орталық Қазақстан. - 2017. - 14 қаңтар (№ 5). - 8 б.

Сағымбеков Р. Кім еді Қаздауысты Қазыбек би?  // Орталық Қазақстан. - 1992. - 9 маусым (№ 112). - 3 б.

Сламбек Ж.  Баба есімі берілді, бірақ... // Орталық Қазақстан. - 2001. - 22 желтоқсан (№ 200/201). - 7 б.

Смағүлов Р. Бабамыздың шапаны құтты орнына аттанды. // Қарқаралы. - 2008. - (№37 - 38). - 2 б.

Смағұл Т. Бабамыздың 350 жылдық мерейтойы келе жатыр // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 48 б.

Сматаев С. Азаматтық, адамдық тұрғыдағы Қазыбек бидің бейнесі // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 25-27 б.

Сматаев С. Қазыбек бидің "Жеті жарғысы" // Абай-Ақиқат. - 2006. - 29 қыркүйек. - 5  б.

Сматаев С. Қазып айтқан Қазыбек  // Абай-Ақиқат. - 2006. - 29 қыркүйек. - 5  б.

Тайшыбай З. Кеңес заманының өзінде Қазыбек бидің атағы мен абыройына қылау түскен жоқ [Мәтін] / З. Тайшыбай // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 12-13 б.

Тайшыбай З. Нағашым - Ер Қазыбек әулие өткен // Орталық Қазақстан. - 2006. - 7 наурыз. - 5  б.

Танакөзова Ү. Қаз дауысты Қазыбек би  // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. - 2009. - № 8.

Таңтегі А. Ата мекен  // Қарқаралы. - 2001. - 1 қыркүйек.

Тілеубекұлы Т. Дала даналарының диалогтары  // Азия Транзит. - 2003 . - №7. - 36-39  б.

Тоғанбеков С. Бегім шайқы  // Жас Алаш. - 2007. - 23 қазан (№85). - 3  б.

Үш жүзге билік айтқан даналар  // Жаңаарқа. - 2004. - 20 қараша.

Хасенов М. Дала демократиясының дарабозы // Орталық Қазақстан. - 2001. - 17 наурыз.

Шакетова К. Үш кемеңгер дүлдүлім, Сақтаған ел бірлігін! // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2008. - №7. - 37-40 б.

Шәтекұлы Қ. Батыр бабамызға қандай құрмет болса да лайық  // Заман. - 2007. - 13 қыркүйек. - 6  б.

2017

Абайұлы А. Нағашым - Ер Қазыбек әулие өткен // Орталық Қазақстан. - 2017. - 17 тамыз (№ 91). - 2 б.

Ақсұңқарұлы С. Той алдындағы толғаныс // Орталық Қазақстан. - 2016. - 25 қазан (№ 174). - 1 б.

Алтынбек Б. Дара тұлға, дана би Қаздауысты Қазыбек Келдібекұлы // Вектор инфорум. - 2017. - № 2. - 18 б.

Аманқұлов Қ. Бабаның бітімгерлігі // Орталық Қазақстан. - 2017. - 13 шілде (№ 76). - 6 б.

Артықбаев Ж.  Қаздауысты Қазыбек би: тұлға және мемлекет  // Егемен Қазақстан. - 2017. - 15 тамыз (№ 155). - 4 б.

Артықбаев Ж. Ас ішуден әрі аспай қалмайық // Орталық Қазақстан. - 2017. - 15 сәуір (№ 41). - 4 б.

Асан М. Атыңнан айналайын, Қарқаралы  // Егемен Қазақстан. - 2017. - 30 мамыр (№ 101). - 4 б.

Асан М. Егіндібұлақтан-елдік мұратқа  // Егемен Қазақстан. - 2017. - 21 тамыз (№ 159). - 3 б.

Асан М. Тарих сахнасынан - жүрек төріне // Егемен Қазақстан. - 2017. - 27 қыркүйек (№ 185). - 10 б.

Асан М. Тұлпар тұяғымен жазылған тарих // Егемен Қазақстан. - 2017. - 13 қыркүйек (№ 175). - 8 б.

Асан М. Ұлы тұлғадан - ұрпақ тәрбиесіне  // Егемен Қазақстан. - 2017. - 31 қазан (№ 209). - 6 б.

«Атадан ұл туса...» // Орталық Қазақстан. - 2017. - 12 тамыз (№ 89). - 1 б ; 5 тамыз (№86). - 8 б.

Аханбайқызы А. Қазыбек би туралы деректі фильм  // Егемен Қазақстан : жалпыұлттық республикалық газет. - 2017. - 6 қыркүйек (№ 170). - 12 б.

Есім Ғ.  Қаздауысты Қазыбек би мемлекет құрушы тұлға // Орталық Қазақстан. - 2017. - 28 қазан (№ 120). - 5 б.

Әбілова С. Баба тойына дайындық // Орталық Қазақстан. - 2017. - 11 мамыр (№ 50). - 1 б.

Әбілова С. Ескерткіш қою - елдіктің белгісі // Орталық Қазақстан. - 2017. - 17 тамыз (№ 91). - 3 б.

Әдекенов С. Дана данышпандығынан дала жусанына // Орталық Қазақстан. - 2017. - 17 тамыз (№ 91). - 2 б.

Әлиман Ж. Қазақтың көне "Мені" мен феномені // Орталық Қазақстан. - 2017. - 28 қазан (№ 120). - 1 б.

Әлиман Ж. Қараның ханы, Даланың заңы да - Өзі  // Орталық Қазақстан. - 2017. - 25 сәуір (№ 45). - 6 б.

Әлиман Ж. Өнегесі - өлмес мұра // Орталық Қазақстан. - 2017. - 15 тамыз (№ 90). - 6 б.

Әубәкір Ж. Әулиелі би - Әзірет Сұлтанда // Орталық Қазақстан. - 2017. - 19 тамыз (№ 92). - 6 б.

Әубәкіров Т. О. Дала данышпаны // Орталық Қазақстан. - 2017. - 15 шілде (№ 77). - 1 б.

Жайлыбай Ғ. Алтын шырақ // Орталық Қазақстан. - 2017. - 17 тамыз (№ 91). - 1 б., Қазақ әдебиеті. - 2017. - 25-31 тамыз (№ 35). - 6 б.

Жақып Б. Қаз дауысты Қазыбегім // Қазақ әдебиеті. - 2017. - 25-31 тамыз (№ 35). - 6 б.

Жақыпов Ж. Қаздауысты Қазыбек би сөзінің күші  // Орталық Қазақстан. - 2017. - 4 шілде (№ 73). - 4 б.

Жанғожин А. Тойға тарту - қостомдық! // Орталық Қазақстан. - 2017. - 17 тамыз (№ 91). - 2 б.

Жәмкенұлы С. Даланың дара данасы // Орталық Қазақстан. - 2017. - 15 тамыз (№ 90). - 4 б.

Жолдасбеков М. Алты алаштың ардағы // Орталық Қазақстан. - 2017. - 28 қазан (№ 120). - 4 б.

Имаш Е. Жатсам-тұрсам сыйынар пірім менің! // Орталық Қазақстан. - 2017. - 5 тамыз (№ 86). - 4 б.

Кәрім Н. Би туралы фильм түсірілуде // Орталық Қазақстан. - 2017. - 5 қыркүйек (№ 97). - 6 б.

Кәрім Н. Мерейтойға - мерекелік журнал // Орталық Қазақстан. - 2017. - 17 тамыз (№ 91). - 8 б.

Қабидолдин Р. Би һақында - қос томдық // Орталық Қазақстан. - 2017. - 4 шілде (№ 73).

Қабидолдин Р. Қазыбек бидің шапаны - Қарағанды төрінде // Орталық Қазақстан. - 2017. - 23 қыркүйек (№ 105). - 1 б.

Қабидолдин Р. Тарихта таңбаланған тұлға  // Орталық Қазақстан. - 2017. - 23 қыркүйек (№ 105). - 8 б.

Қабылбек Н. Қаз дауысты Қазыбек би: "Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз..." // Қазақстан ZАМАN. - 2017. - 2 қараша (№ 44). - 7 б.

Қадашұлы Е. Кемеңгерлік киесі // Орталық Қазақстан. - 2017. - 4 наурыз (№ 26). - 6 б.

Қазыбек би ескерткішінде не ақын бар, Серик-ау?... // Қазақстан ZАМАN. - 2017. - 6 сәуір (№ 14). - 11 б.

Қанафин Н. Ұлы дала ұрпақтары ұлы бабасын ұлықтады // Орталық Қазақстан. - 2017. - 22 тамыз (№ 93). - 1 б.

Қарағонысова Г. Баба тойы бұқараға - ортақ // Орталық Қазақстан. - 2017. - 25 шілде (№ 81). - 3 б.

Қуанбай А.  Ұлыны ұлықтау - парыз // Орталық Қазақстан. - 2017. - 20 сәуір (№ 43). - 4 б.

Мүбәракұлы М. Ұлыны ұлықтау - ұлт мерейі // Орталық Қазақстан. - 2017. - 30 мамыр (№ 58). - 8 б.

Мұсабек Е. Қоғамдық сананы қозғаушы күші // Орталық Қазақстан. - 2017. - 23 мамыр (№ 55). - 2 б.

Мұсабеков Е. Баба бейнесі: аңыздан - ақиқатқа // Орталық Қазақстан. - 2017. - 7 қыркүйек (№ 98). - 6 б.

Назарбаев Н. Қаздауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жыл толуына арналған мерейтойға қатысушыларға! // Орталық Қазақстан. - 2017. - 22 тамыз (№ 93). - 1 б.

Рахымұлы Қ. Ел дауында - ел бірлігі // Орталық Қазақстан. - 2017. - 14 қаңтар (№ 5). - 8 б.

Сламбеков С. Қазақтың қамын жеген Қазыбек би // Орталық Қазақстан. - 2017. - 18 шілде (№ 78). - 6 б.

Сматаев С. Қаздауысты Қазыбек // Орталық Қазақстан. - 2017. - 5 тамыз (№ 86). - 4 б., Қазақ әдебиеті. - 2017. - 4-10 тамыз (№ 32). - 1, 16-17 б.

Сүлейменов А. Кемеңгер қайраткер // Орталық Қазақстан. - 2017. - 25 мамыр (№ 56). - 4 б.

Сыздықов С. Билер институтының тұлғасы // Орталық Қазақстан. - 2017. - 10 тамыз (№ 88). - 2 б.

Тайшыбай З. "Біз қазақ деген... елміз"!: профессор З.Тайшыбаймен сұхбат / сұхбаттасқан М.Сембай // Орталық Қазақстан. - 2017. - 17 тамыз (№ 91). - 4 б.

Түсіпбаева М. Ұлағат - ұлы биден // Орталық Қазақстан. - 2017. - 10 тамыз (№ 88). - 6 б.

Чегирова Ү. Қазақ халқының ұлы биі  // Орталық Қазақстан. - 2017. - 16 қыркүйек (№ 102). - 5 б.

Қаз дауыс­ты Қазыбек бидің шапаны

Қазыбек бабаның шапаны – бидің рухани мұраларынан кейінгі ең құнды жәдігер. Шапан парша, мақта-матадан тігілген. Өн бойы құс қанаты, құмыра, өсімдік тектес өрнектермен, алтын, күміс жалатылған мыс жіптермен көмкерілген. Атадан қалған асыл мұра, зерлі шапанды Қазыбек бидің жетінші ұрпағы Қарқаралы ауданының Едірей ауылында тұратын Алтын Қожах­метов (1924-2015) ақсақал сақтап келіпті. Баба ұрпағының айтуынша, бұл шапанды ұрпақтары асқан қиындық пен небір тауқыметке жолықса да, көздерінің қарашығындай сақтаған. Кеңестік жүйенің ұлттық болмысымыздың тамырына балта шауып, рухани мұрамызды күл-талқан қылмақ болған ниеті Қазыбек бидің шапанына да қауіп төндірді. Жерге көміп тастап, үйілген шөмеленің астына тығып жүріп сақтаған киелі жәдігер ақыры аман қалып, мемлекет қарауындағы рухани құндылықтар қатарын толықтырып отыр. Алтын Қожах­метов 2008 жылы сол кездегі Президенттік мәдениет орталығының басшысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің аттай қалауы­мен аталған орталыққа өткізген.

Әр жылдары адамдар қазақы жолмен ырымдап, шапанның әр жер-әр жерінен кесіп, қиып алып отырған. Құнды жәді­гер бастапқы қалпында сақтал­мағандықтан, реставрация жұмыс­тарын жасауды қажет етті. Бидің шапанына көп кешікпей жаңарту, қайта қалпына кел­тіру жұмыстары жүргізілді. Шапанды шебер Тұрсынкүл Жайлаубаева 2008-2010 жыл­дар аралығында қайта жаң­ғыртудан өткізді. Бұл шапанның Ұлттық музей­дің Қазақстан тарихы залында «Қазақ қоға­мындағы құқықтық қа­ты­нас­тар» деген тақы­рып­тағы заттардың қата­рында тұр.

ҚАЗЫБЕК БИДІҢ ШАПАНЫ ЧАПАН КАЗЫБЕК БИ
Қазақстан. ХVII-XVIII ғ. Казахстан. ХVII-XVIII ғ.
Материал: парша, мақта-мата Материал: Парча, хлопковая ткань
Техникасы: қолмен тігілген Техника: ручная работа
Өлшемі: жалпы ұзындығы: сол жағы – 134 см., оң жағы – 135 см. Размер: общая длина изделия: левая часть – 134 см., правая часть – 135 см.
Жеңінің ұзындығы: сол жағы – 70 см., оң жағы – 70 см. Длина рукава: левый – 70 см., правый – 70 см:
Жағасының ұзындығы:
122 см.
Длина ворота: 122 см.
Шапан ашық жасыл паршадан тігілген. Өн бойына құмыра, құс қанаты, өсімдік тектес өрнектер алтын, күміс жалатылған мыс жіптермен түскен, астарланған. Чапан сшит из свело-зеленой парчи. Полностью расшит узорами кувшинов, птичьих перьев, вьющимися растениями, посеребренными медными нитями.

 Әдебиеттер:

Асқар Н.  Қазыбек бидің шапаны - президент мұражайында // Взгляд на события. - 2008. - 7 мамыр (№40). - 19 б.

Балташұлы Е. Баба тәбәрігі - бас қала төрінде /Балташұлы, М. Сембай // Орталық Қазақстан. - 2008. - 6 мамыр (№71) . - 1 б.

Ерман Ж.  Қазбек бидің шапаны // Орталық Қазақстан. - 2017. - 17 тамыз (№ 91). - 8 б.

Ерман Ж. Ұлытауда ұлар жоқ. Ашындырма ақынды. Қазыбек бидің шапаны // Қазақ әдебиеті. - 2017. - 16 - 22 маусым  (№ 25). - 15 б.

Жүнісбекұлы Д. Қаздауысты Қазыбек бабамыздың шапаны табылды // Орталық Қазақстан. - 2001. - 25 тамыз, Қарқаралы. - 2001. - 11 тамыз.

Қабидолдин, Р. Сөзі - аманат, шапаны – тәбәрік // Орталық Қазақстан. - 2017. - 17 тамыз (№ 91). - 8 б.

Несіпбай А. Ұрпақтан ұрпаққа жеткен Қаздауысты Қазыбек бидің шапаны Президенттің мәдениет орталығына тапсырылды // Егемен Қазақстан. - 2008. - 6 мамыр (№130-131). - 8 б.

Ноғайбекқызы Л.  Қазыбек би шапанының қасиеті // Егемен Қазақстан. - 2017. - 16 қараша (№ 221). - 8 б.

Санақұлова Б.  Қайта жаңғырған қасиетті жәдігер // Мәдени мұра = Культурное наследие. - 2009. - № 6. - 48-50 б., Орталық Қазақстан. - 2010. - 7 қаңтар (№ 2). - 6 б.

Смағүлов Р.  Бабамыздың шапаны құтты орнына аттанды. // Қарқаралы. - 2008. - (№37 - 38). - 2 б.

Тоқтарбай Б. Қаздауысты Қазыбек бидің шапаны // Қазақ әдебиеті. - 2016. - 5-11 ақпан (№ 5). - 5 б.

Қазыбек бидің шапаны қалпына келтірілгенге дейін (Чапан Казыбек би до реставрации)

Қазыбек бидің шапаны қалпына келтірілгеннен кейін (Чапан Казыбек би после реставрации)

Қазыбек бидің шапаны қалпына келтірілгенге дейін (Чапан Казыбек би до реставрации)

Қазыбек бидің шапаны қалпына келтірілгеннен кейін (Чапан Казыбек би после реставрации)

Қаздауысты Қазыбек бидің алтыншы ұрпағы, ҚР білім беру үздігі, Егіндібұлақ ауылының тұрғыны Ахмадия Ығыбасұлы Сүлейменовтің мұрағатынан фото-суреттер.

Қаздауысты қазыбек бидің туғанына – 350 жыл

ҚАЗЫБЕК БИ - БИ

ҚАЗЫБЕК БИ – ҚОЛБАСШЫ

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ ТАРИХЫНДАҒЫ ҚАЗДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИ ТҰЛҒАСЫ

ҚАЗЫБЕК БИ - КЕМЕҢГЕР, МӘМІЛЕГЕР

ҚАЗЫБЕК БИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЗАҢҒЕРЛІК БАҒЫТ

КЕЛДІБЕКҰЛЫ ҚАЗЫБЕК БИДІҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

ШЕШЕНДІК ӨНЕРДЕГІ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС


Ойтолғау үрдісінің ерекшелігі

…Билердің ой машығының бір ерекшелігі – логикалық-ғылыми ойлау. Бұнда салыстыру мен талдау, жинақтау мен жалпылау операцияларымен қатар, біріншіден, екіншіден деп жүйелеп қою ыңғайлары қолданылады: «Біріншіден не жаман?», «Бірінші тілек тілеңіз» деп басталатын өлеңдер, жеті қасиет, үш жаман, үш жақсы, үш жұрт сияқты – үштұғырлы бірліктер, тағы басқа осындай логикалық ғылыми айналымдармен келіп түйісіп жатады. Ал, салыстыру – бірінші табиғат құбылыстарын айта келіп, орағытып, қоғамдық өмірге, нақты жағдайларға қарай бетбұрумен көркемделеді. Бұл – тұтас қазақ поэзиясында жиі қолданылатын шендестіру тәсілі. Сондықтан, бұндай жүйелі логикалық ойлау шешендік сөздер мен билер толғауларының құндылығын арттырып қана қоймайды, сөздерін дәлелдеу үшін де пайдаланылады. Тарихта қазақ даналарының сауаттылығы туралы айтыла бермейді. Мысалы, Төле би, Бұқар жырау сынды ірі тұлғалар медреселерде бірнеше жыл оқыған сауатты адамдар болғандығын ескерсек, олардың ғылыми ойлауға бейім болғандығын және оны арнайы қолданғандығын оңай түсіне аламыз.

Б.АТАШ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университетінің оқытушысы,

философия ғылымдарының докторы.


 

Ұлттық руханият

…Қазақ ақын-жырауларының дүниетанымы мен рухани ізденістері руханиятымыздың қалыптасуына ықпал еткен негіз болды деп санаймыз. Ақын-жыраулардың шығармаларында адам, қоғам, дін, дәстүр, әдеп мәселелері негізгі орын алды. Олардың рухани ізденістері халықтың салт-дәстүрі, дінімен, өмір салтымен тығыз байланысты болды. Сондықтан да олардың рухани ізденістерінде қазақ қоғамының рухани болмысының түйткілді мәселелері көтерілді.

Қазақ ақын-жыраулары дүниетанымының қалыптасуында халқымыздың мақал-мәтелдері, шешендік сөздері, ғақлиятты сөз саптаулары және көшпелі өмір салты мен имани ұстанымдары маңызды рөл атқарды. Қазақ даласының рухани өмірі ғасырлар бойы жинақталған халық даналығы мен рухани қазынасынан нәр алды. Далалық өмірдің өзіне тән ерекшеліктері де көп еді. Сондай ерекшеліктердің бірі – халық ауыз әдебиеті үлгілерін ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастықпен жеткізу дәстүрі болатын. Ақын-жыраулар ұлттық құндылықтарды және имандылық қалыптарын жыр жолдарымен халықтың санасына және тарихи жадына сіңіре білді.

Б.БЕЙСЕНОВ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, философия

ғылымдарының докторы.


Әдебиеттегі Қазыбек би бейнесі

 

…Қаздауысты Қазыбек елін, халқын сүю қажеттілігін ардақтап, оны жеке әрекетімен де, ұрпаққа қалдырған даналық өсиетімен де дәлелдеп өткен. Сол замандағы жаугершілік Қазыбек бидің Жоңғария хандығына бітімгершілікке барған сапарларындағы алғыр ойын, ақылмандығын, білгірлігін – халқының мүддесі жолында жұмсағанын ерекшелейді. Халық жадында қалған кезекті мәмілегер елшілігі «Біз, қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз…» деп басталатын атақты сөзін айтатын сапары екі елдің дау-жанжалын бейбіт жолмен тындырып, бітімге келтіріп, екі елдің жер шебін белгілеуге жетелеген. Мұндай тарихи факторлар ел данышпанының әлеуметтік философиясындағы Отанына деген көрегенділік пен тапқырлығының жоғары деңгейі. Бізге жеткен ел мұрасына сүйенсек, бірде үш жүздің жақсылары бас қосып мәселеге тоқетерін айтатын адамды байланыстырады. Айтыс қызған шамада Қазыбек шешеннің мына сөздері халық есінде ерекше сақталған: «Аға төреші болмайды – алдында қаймығары жоқ, іні төреші болмайды – артында қайырылары жоқ. Айбар қылар алдында ағасы бар, қаймығарлық артында інісі бар, екі жағынан да қаупі зор, сол себепті билікті айтатын төбе билік ортаншы ұлға лайық!» депті.

К.ТӨЛЕУБАЕВА,

Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың доценті,

филология ғылымдарының кандидаты.


Қазыбек би мұрасы

…Жоңғар билеушісінің оны «Қаздауысты Қазыбек би» деп атауы – шешендік өнерінің жоғары бағаланғанын айғақтайды. Оның делдалдығымен Қазақ пен қалмақ хандықтарының қарулы қақтығыстары кезінде уақытша бітім жасалған. Төле және Әйтеке билермен бірлесе отырып, Тәуке ханның ықпалымен Қазақ хандығын нығайту, қазақ ру-тайпаларын, бауырлас қарақалпақ пен қырғыз тайпаларын біріктіру жолында еңбек еткен.

Қазыбек би бірыңғай орталықтандырылған қазақ мемлекетін құру және нығайту арқылы қазақ халқының тағдырында елеулі рөл атқарды. Үш жүздің басын қосудағы бастаушы ретінде тарихта қалды. Ұлы жүзден Төле би, Кіші жүзден Әйтеке бимен бірлесе отырып, дәстүрлі әдет-ғұрыптар, заңдар жинағы – «Жеті Жарғыны» жасауға белсенді ат салысқан. Бөтен елдің шабуылынан қорғану үшін бірлікке ұмтылған көшпенділердің қоғамдық-саяси қарым-қатынастарын анықтайтын бұл жинақ жеті бимен бірлесе жасалып, халықтың алдында беделдерінің өсуіне ықпал еткен.

Тәуке хан қайтыс болған соң, Қазақ хандығында билік үшін талас-тартыс күшейгенде, Қазыбек би хандарды береке-бірлікке шақыра отырып, көршілес Ресей империясымен бейбіт қарым-қатынас жасасуға ықпал еткен.

Т.ИСАБАЕВА

Ш.КЕҢЕСБАЕВА,

Семей қаласының Шәкәрім атындағы

мемлекеттік университетінің оқытушылары.


Саяси тұлға

…Қазыбек би бабамызды ірі саяси тұлға деуге толық негіздер бар. Ол – ел тұтастығы мен бірлігін негіздеуші идеолог, саяси ахуалды терең түсінген ойшыл стратег, қазақтың тұңғыш заңдарының негізін қалыптаушылардың бірі ретінде заңгер, саяси әділ шешімдер шығарушы би-көсем, ел арасына саяси бітім жасаушы дипломат, саяси түйткілді мәселелерді шешуде жедел ой қоса алатын саяси кеңесші. Қазыбектің саяси-құқықтық тұлғасын зерттеу өз аймағымызда қолға алынып келеді.

Қазыбек би – саяси қолбасшы. Жоңғарлардың басым кезінде, қонтайшыларынан жасқанбай, ешбір қауіптен қорықпай, еліне төнген қауіптің бетін қайтарар қаһар иесі тапқыр, алғыр, батыл қимылдар көрсеткен ержүрек адам.

Қазыбек би – саяси қайраткер-төреші. Билер кеңесі ханның қызметіндегі кейбір мәселелер бойынша таласқа түсіп, оны қайта қарауға құқылы болды. Дәстүр бойынша хандық билік мұрагерлік жолмен беріліп отырса да, мемлекеттік маңызды мәселелер билер кеңесінсіз шешілмеген.

А.БӘДЕЛ,

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті,

саясаттану магистрі.


Рухани құндылық қырлары

…Дала өркениетінің дамуына айтулы үлес қосқан билер мұрасы – шын мәніндегі биік өнердің үлгісі. Қазіргі таңда билер мұрасының қандай ықпалы бар дегенге келсе, ұлттық салт-санамыздың тірегі болар ол құндылықтарды насихаттау өзіміз үшін, өзіміздің ұлт екенімізді көрсету үшін маңызды.

Қазыбек бидің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өнегелі өсиет сөздер қалды. Олар ел жадында жатталып, қалауы бұзылмаған саф алтындай таза күйінде бүгінгі ұрпаққа жеткен. Күміскөмей кемеңгер бидің шешендік сөздері айтпақ ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқындығымен ерекшеленеді. Оның тұжырымы терең толғаулары, суырып салма тақпақтап айтқан сөздері тыңдаушы ойында тез сақталатын нақылға толы мақал түрінде өрілген: «Тату болса – ағайын жақын, Адал болса – дос жақын», «Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман», «Байлық – мұрат емес, жоқтық – ұят емес». Сондықтан, Қазыбек биден бізге жеткен мұра халық қазынасының алтын қорынан лайықты орын алған.

М.БИЖАНОВА,

Алматы технологиялық университеті,

Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар кафедрасының доценті,

философия ғылымдарының кандидаты.


Ұлттың шешендіктің өнердегі орны

Қазақ қоғамында соғыс немесе, ортақ келісімге уағдаласу, мәмілеге келу болсын, сыртқы немесе ішкі саясатта болсын, жер қорғауда болсын, ең қажет қару – би-шешендердің тілі. Алайда, әйгілі биде, дарынды шешенде білгірлік-біліктілік, алғырлық-тапқырлық, қаһармандық-қайраткерлік, зиялылық-саясаткерлік тәрізді ұшан-теңіз табиғи рухани қасиет-қабілеттер көп, мол болса, онда мемлекет жеңіске жетіп, қиындықтан, құлдықтан құтылады. Мерей-мәртебесі, даму дәрежесі жоғары болады. Бұл ретте Қаздауысты Қазыбек бидің Қазақстанның саяси-құқықтық тарихында айрықша тұлға екендігін айтуға болады.

Өзінің жалпы тұлға болмысымен ғана емес, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан шешендік өнерді өз дәуірінде жарқырата танытқан, Қазақ шешендігін «от басы, ошақ қасы», жер дауы, жесір дауы, құн дауы сияқты тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерден биіктетіп, халықаралық елшілік, дипломатиялық саясатта биік белеске көтерген – Қаздауысты Қазыбек бидің ұлттық шешендік өнердегі орны айрықша.

Ә.ШАДЫКЕНОВ,

«New York» тілдер

орталығының маманы,

филология магистрі.


Қазақ өміріндегі билік мәселесі…

Халық өз басына қатер төнген шақтарда, тағдыры таразы басына түскен алмағайып сәттерде бар күш-қайратын, әлін зобалаңға қарсы қойып, ақыл-парасатымен, білімімен, білегінің күшімен арашаға түсіп, сол жолда шыбын жанын шүберекке түйген елінің, ұлтының тәуелсіздігін, бостандығын қорғаған нар тұлғалы, алып азаматтардың ерлігін де, есімін де еш уақытта ұмытпаған. Қазақ өміріндегі билік мәселесі туралы сөз болғанда әділдіктеріне барша жұрт бас иген үш бидің аты айрықша аталады, олар: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Олардың әрқайсы дараланып, ерекше дәріптеледі. Би деген құрметті атақты бірдей дәрежеде иеленуі, әрине, ең алдымен үшеуінің өзара сыйластығы, адамгершілігінің ықпал еткендігінде дау жоқ, сонымен бірге өз төңірегі, алдымен өз тұстастары, сонан соң айтқанына құлақ қоя білген халқының жүктеген сенімі еді. Олар ақыл-ой, адамгершілігі, қайрат-жігері мен қайсарлығы, қайран қалдыратын таудай биік тұлғасы, шеті-шегі жырақ мекен-тұрағы, салт-дәстүрі, өмір тәжірибесінен түйген тәлімді сөздерімен танылды.

А.САҒАТОВА,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті,

философия ғылымдарының кандидаты.

Мерейтой кітаптары

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мемлекет басшысы «Жаңа жаңғыру  ең алдымен тарихи тәжірибе мен дәстүрімізге менсінбей қарау емес..... бұл халықтың өткенін, қазіргісін және болашақ көкжиегін жалғайтын платформа. Өз өлкеңнің тарихын білу және мақтан ету-қажетті және пайдалы іс» дейді.

Биыл, қазақ елі үшін үлкен тарихи айтулы жыл әлемге әйгілі, мәртебелі мәмлегер  Қаздауысты Қазыбек Келдібекұлы бабамыздың 350 жылдық мерейтойы республика бойынша  ел болып тойлануда. Баба тойына әр аймақта көптеген салтанатты іс-шаралар өткізілуде.

Мұратты мұрагерлері бар жерде Ұлы бабаның асыл мұрасы мәңгі өлмейді. Керсінше жаңғырып, жаңара түседі.

Біздің кітапхана қоры да  Қазыбек би бабамыздың мерейтойына арналып, жарыққа шыққан жаңа кітаптармен толығуда. Бір қуантары кітапханамызға келіп табысталып жатқан баба рухын кең көлемде насихаттап, тарихтан сыр шертіп кітап шығарылып жатқандығы.

Ендеше мерейтойлық кітаптармен таныс болыңыздар.

Кітаптар

Қаз дауысты Қазыбек би. Мақалалар жинағы. I том. – Алматы: «Mep – PRESS», 2017. – 475 б.

Бұл кітап авторлардың еңбектену, ізденудің нәтижесінде атақты бидің өмірдерегі жайлы бұрын белгісіз болып келген соны, тың, қызғылықты мәліметтерді оқырман назарына ұсынып отыр. Қазыбек би мұраларына қазақтың ауызша тарап келген байырғы әдеби тілі тән. Онда бұрынғы принцип-бағыттар негізге алынып, ең басты белгілері сақталған.

Артықбаев Ж. Қаз дауысты Қазыбек би. II том. – Алматы: «Mep – PRESS», 2017. – 475 б.

Қазақ тарихында  Қазыбек бидің орны ерек. Бабамыздың «Қаз» атағын алуы 1684 жылдан басталады деп жорамалдай аламыз. Түркі-мұңғыл көшпелілерінің қоғамдық өмірі демократиялық тәртіпке негізделгені белгілі. Ал, жаугершілік заманда қазақтың да қалмақтың да қалың ортасында мемлекет пен қоғам өмірінің маңызды деген мәселелерін бүкіл ел басшылары мен қарулы азаматтар қатысқан жиында шешілген. Осы ұлы нөпір жиын «қаз» деп аталса керек. Қаз дауысты Қазыбек бабамыздың есімі осы себеппен аталған екен.

Кітапта ұлы даладағы мемлекет және билік институттарының бірнеше мыңжылдық тарихына жазбаша және ауызша деректер негізінде терең шолу жасалған.

Кітап талғамы биік ұлт оқырманыны арналған.

Сматаев С. Қаздауысты Қазуыбек би: роман. - Алматы: «Алманар», 2017. – 460 б.

Алаш азаматы, қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Софы Сматаевтың авторлығымен шыққан бұл кітап ел тағдыры, адам өмірі талайдың сынына түскен шақта небір дау-дамай, талас-тартысты екі ауыз жүйелі сөзбен шешкен тарихи тұлға Қаз дауысты Қазыбек бабамыздың тарихи тұлғасын ашып көрсетуге арналған.

Шытырман оқиғалы шығарманың бейнелі көркем тілі өз оқырманын тез баурап алары сөзсіз.

Қыранның жетпес қиясын қызыл тілдің құдыретімен бағындырған, қазақ халқы үшін қорған болла жүріп қара қылды қақ жарған, әділдік пен шешендік өнердің хас шеберінің үлгісіне айналған Қазыбек би бабамыз.

Алматы қаласы «Алманар» баспасында жарыққа шыққан бұл кітап барша оқырман қауымға арналады.

Қазыбек би Келдібекұлы. – аңыз-әңгіме / құраст. Бәтима Бақриденқызы. – Алматы: - ЖК «Балауса», 2017. – 432 б.

Жазба шежірелерден, әдеби және ғылыми басылымдардан, аңыз-әңгімелерден жинап, құрастырған өлкетанушы, ақын Бәтима  Бақриденқызының тарихи-әлеуметтік еңбегі өздері кемеңгер болып, еліне ерен еңбек етіп, халқының құрметіне лайық, тарих төріне өшпес орын алған тұлғалар жайында. Бүгінгі және болашақ жастарды ұлттық рухта, отаншыл болмыста тәрбиелеу мақсатында жарық көрген кітап барша оқырман қауымға арналған.

Ұлттық руханият және Қаздауысты Қазыбек би мұрасы // мақалалар жинағы. – Қарағанды, 2017. – 245 б.

Жинақта Қаздауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық руханият және Қаздауысты Қазыбек би мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары топтастырылған. Жинақ аса ірі саяси тұлға, би, шешен, философ, мәмілегер, қазақ ұлтының тарихында өшпес із қалдырған Қаздауысты Қазыбек бидің мемлекет пен құқық тарихындағы орны, ұлт дүниетанымы мен руханиятын дамытуға қосқан үлесі, шешендік өнер мен тіл мәселелері туралы мағлұмат береді.

Ғасырлар даналығы – бабалар мұрасында. – Астана: Деловой Мир Астана, 2017. – 308 б.

«Ғасырлар даналығы – бабалар мұрасында» кітап-фотоальбомы қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам қайраткері, көреген саясаткер, дипломат, қазақ тарихындағы өшпес із қалдырған халқымыздың ұлы перзенті – Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналған. Басылым түрлі-түсті суреттер және фотолармен безендірілген тұлғалық фотоальбом. Төрт тақырыптық бөлімге топтастырылып, 500-ден астам фотосуреттер қамтылған. Сонымен бірге Қазыбек бидің ата-тек шежіресі, туған, өскен ортасы, ел басына қаралы күн туған зұлмат кезеңдегі қайраткерлік еңбегі тарихи құжаттар негізінде жүйеленіп, бидің ел мен жердің бірлігі мен тұтастығы, болашағы жолында атқарған ерен еңбегі жайында мәліметтер енгізілген.

Кітап-фотоальбом көпшілік оқырман қауымға арналған. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында алға қойған мақсаттары тұрғысында еліміздің мәдени, рухани мұрасын насихаттауға фотоальбомның тигізер пайдасы зор.

Аршабеков Т. Қаз дауысты Қазуыбек би және оның тарихи заманы /Т.Т.Аршабеков, М.Алпысбес. – Қарағанды: «TENGRI ltd», 2017. – 450 б.

Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналған «Қаз дауысты Қазуыбек би және оның тарихи заманы» атты еңбекте дәстүрлі қоғам жан-жақты көрсетілген. Бұл еңбекте аса ірі саяси тұлға, би, шешен, философ, мәмілегер, қазақ ұлтының тарихында өшпес із қалдаырған Қаз дауысты Қазыбек бидің мемлекет пен құқық тарихындағы орны, ұлт дүниетанымы мен руханиятын дамытуға қосқан үлесі көрсетілген.

Аталмыш еңбек тарихшыларға, өлкетанушыларға, студенттерге және жалпы қауымға арналған.

Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы С.О. Телпекбаева

Қарағанды ОӘҒК

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы